Жаз - 2017
«Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Баянауыл №2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ тірек мектебі (ресурстық орталық)

Баянауыл №2 жалпы орта білім беру мектебінің Ресурстық орталығы, ІІІ "Үздік Ресурстық орталық" конкурсында ІІІ дәрежелі дипломына ие болды. Конкурсқа Павлодар облысынан 19 Ресурстық орталық қатысты. 

Прикрепления: Картинка 1 · Картинка 2
Просмотров: 393 | Добавил: Jasikkkk | Дата: 15.10.2018 | Комментарии (0)

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын! 1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген ЖОО-ға мақтанышпен келген мектеп қабырғасын жаңа ғана аяқтаған түлектер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата-аналар. Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!

 

Прикрепления: Картинка 1
Просмотров: 370 | Добавил: Jasikkkk | Дата: 01.09.2018 | Комментарии (0)

Республикалық  ІІ «Үздік ресурстық орталық» байқауы өтті. Сайысқа жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған Облыстық байқаудан оза шапқан жеңімпаз тірек мектептері  қатысты.  Байқауға еліміздің 10 облысынан, 13 мектеп бақ сынасты. Байқау дистанциондық түрінде отті.

Конкурс қорытындысы бойынша Баянауыл ауданының №2 жалпы орта білім беру мектебінің  ресурстық орталығы  білім және ғылым министрінің сертификатымен марапатталды, 

Прикрепления: Картинка 1
Просмотров: 417 | Добавил: Jasikkkk | Дата: 11.12.2017 | Комментарии (0)

http://rcbsosh2.ucoz.com/_nw/0/62912700.jpg"Үздік Ресурстық орталық" конкурсының Облыстық кезеңіне қатысып І орынға ие болық!!! Бұл жеңіс Ресурс орталығының мұғалімдеінің және Ресурс орталығына келіп, білім алып,  шығармашылықтарымен танылған магниттік мектептердің оқушылардың арқасы!!!

Просмотров: 392 | Добавил: Jasikkkk | Дата: 15.10.2017 | Комментарии (0)

Тірек мектебі

Баянауыл ауданында 2014 жылы «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің №2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ базасында ресурстық орталық (тірек мектебі) құрылды. Әрине ресурстық орталық ашылмас бұрын 2011 жылдан бастап дайындық жұмыстары жүргізілді.

2014 жылдың 1 ақпанында тірек мектебі мен магниттік мектептер арасында келісім шарт құрылды. Тірек мектебінің қарамағына 5 (бес) магниттік мектеп кірді. Олар: Торайғыр ЖОББМ, Шөптікөл ЖОББМ, Ақсаң ЖОББМ, Егіндібұлақ ЖОББМ, Сұлужон ЖОББМ. 2017 – 2018 оқу жылынан бастап Егіндібұлақ ЖОББМ-ң орнына Бірлік ЖОББМ қосылды.

Ресурстық орталықтың жұмысы «Қондырмалы», «Оқыту», «Қорытынды» деген атаумен 3 сессия бойынша жұмыс жасайды. Жалпы 5 тірек мектебінен 10-11сынып аралығындағы 56 оқушы сессияға қатысады.

Ресурстық орталық жұмысының мақсаты жақын аумақта орналасқан шағын - жинақ мектептердің оқушыларына сапалы білім беру, ҰБТ-ға жоғары деңгейде дайындық, оқушының жеке сұраныстарын қанағаттандыру деп саналады.

4-6 қазан аралығында «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің №2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ базасында ресурстық ортылықтың кезекті «Қондырмалы» сессиясы өтті. Сессияға Торайғыр ЖОББМ, Шөптікөл ЖОББМ, Ақсаң ЖОББМ, Бірлік ЖОББМ, Сұлужон ЖОББМ магниттік мектептердің балалары қатысты. Олар Математика, физика, биология, Қазақстан тарихы пәндерін оқып, бос уақыттарында ағылшын тілі, дене шынықтыру, психология және робототехника арнайы курстарына қатысты.

Қазіргі кезде барлық қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті әлемдік стандарттар талабына сай келетін сапалы білім алуы ерекше өзектілікке ие болып отыр. Ауыл мектептеріндегі білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттік саясат толыққанды білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталып, яғни, шағын жинақты мектептердің кадрлық потенциалы, ақпараттандырылуы, материалдық-техникалық базасы нығайтыла отырып, қала мен ауыл баласының білім сапасындағы айырмашылықтарды жою мәселесі негізге ала отырып сан түрлі реформалар енгзілуде. Алайда, ауыл мектептеріндегі оқушылар контингенті санының азаюына байланысты баланы толық білім беру ресурстарымен қамтамасыз етудің мүмкіндіктері шектеліп отыр. Бұл білім сапасына ықпал ететін үлкен түйіткілді мәселелердің бірі болып табылады, сондықтан оны шешудің жолдарының бірі – ресурстық орталық құру. Бұл жүйе арқылы мектептердің ресурстарын біріктіру, жалпы оқу жоспарын жүзеге асыру арқылы тұлғалық-әрекеттік, құзыреттілік, денсаулықтты сақтау технологияларын ұстана отырып, бағдарламаның тек базалық, бейіндік пәндер немесе таңдау курстары жүзеге асырылып қана қоймайды, сонымен қатар, оқу-зерттеушілік жұмыстары мен қосымша сабақтар шығармашылық зертханаларында, оқу шеберханаларында, студиялар мен клубтарда ұйымдастырылады.

Міне, осы жобаны негізге ала отырыпЖоғарыда айтылғандай білім беру мазмұнын жаңартуда ресурстық орталық жұмысының мақсаты жақын аумақта орналасқан шағын - жинақ мектептердің оқушыларына сапалы білім беру, ҰБТ-ға жоғары деңгейде дайындық, оқ ... Читать дальше »

Просмотров: 522 | Добавил: Jasikkkk | Дата: 09.10.2017 | Комментарии (0)

23 қазанда Елордамыз Астанада ҚР Білім және ғылым министірлігі, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен 1 Республикалық «Үздік ресурстық орталық» байқауы өтті. Сайысқа жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған Облыстық байқаудан оза шапқан жеңімпаз тірек мектептері  қатысты.  Байқауға еліміздің 10 облысынан, 13 мектеп бақ сынасты.

Конкурс қорытындысы бойынша Баянауыл ауданының №2 жалпы орта білім беру мектебінің  ресурстық орталығы  ІІ орынды иеленіп, Облысымыздың абройын асқақтатып қайтты.

Сайыстың негізгі мақсаты - ресурстық орталық қызметін ұйымдастырудағы озық тәжірибені айқындау, жинақтау және тарату,сондай-ақ  тірек мектебінде ұйымдастыру-басқару, ғылыми-әдістемелік пен оқу-тәрбиелік қызметіндегі жаңа педагогикалық идеяларды және инновациялық ізденістерді табу, ақпараттық технологияларды қашықтықтан оқыту тәсілдерін анықтау, шағын жинақты мектеп оқушыларының білім деңгейін көтеру, мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен кәсіби шеберлігін арттыру, әлеуметтік серіктестікті дамыту, кәсіби желілік қауымдастық құру болып табылады.

Осындай мақсатпен арнайы ережелерге құрылған Қуат Қаптайұлы Аблайханов басқарып отырған Баянауыл ауданының №2 жалпы орта білім беру мектебінің Ресурстық орталығы барлық талаптарға сай өз жұмысының нәтижесімен оқ бойы озық көрінді. Оның бірден-бір жоғарғы жетістікке жетуіне білімділігі мен біліктілігінің арқасында адал терін аянбай төккен Ресурстық орталық директорының орынбасары Жасыбай Құрманғазыұлы Шаймерденов.

Білім және ғылым министірі А.Б.Сәрінжіповтың марапаттау дипломы тірек мектебінің мұғалімдеріне қуат беріп, ерекше көңіл күймен жарқын болашаққа қарымды қадам басып, қарқынды жұмыс жасауға ықпалын тигізіп отыр.

 

Айбат Ыдырысов

«Баянауыл №2 жалпы орта білім беру мектебі» ресурстық орталық


 

Просмотров: 747 | Добавил: Jasikkkk | Дата: 29.10.2015 | Комментарии (1)

Баянауыл ауданы әкімшілігінің 2014жылғы 22 қаңтарындағы қаулысы  негізінде   «Баянауыл ауданы білім беру  бөлімінің №2 жалпы орта білім беру мектебі»  КММ базасында  тірек  мектебі (ресурстық орталық) құрылған болатын.  Осы қаулы негізінде Баянауыл ауданы білім беру  бөлімінің №2 жалпы орта білім беру мектебінің Жарлығына толықтырулар енгізілді.  Тірек мектебін құрудың негізгі  мақсаты:  жақын орналасқан шағын - жинақ мектептердің оқушыларына сапалы білім беру, ҰБТ-ға жоғары деңгейде дайындық жасау және  оқушының жеке сұраныстарын қанағаттандыру болатын.

 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы   17 қыркүйектегі №375 бұйрығымен және өзіндік  қағидаларына  сәйкес тірек мектебінің білім беру жүйесі ұйымдастырылды. Тірек мектебінің жұмысын жүргізу үшін барлық құқықтық-нормативтік базасы жинақталып, қарастырылған.

2014 жылдың 1 ақпанында тірек мектебі мен магниттік мектептер арасында келісім шарт құрылып, «Баянауыл ауданы білім беру  бөлімінің Баянауыл №2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ тірек мектебінің қарамағына 5 магниттік мектеп кірді.  Олар: Торайғыр ЖОББМ, Шөптікөл ЖОББМ, Ақсаң ЖОББМ, Егіндібұлақ ЖОББМ, Сұлужон ЖОББМ.

2014 – 2015 оқу жылында ресурстық орталықтың жұмысы жақсы қарқынмен жалғасуда. Оқу жылының басында сессияаралық және сессиялық мерзімді ұйымдастыру жоспары және де рессурстық орталықтың жұмыс жоспары құрастырылып, Аудандық білім бөлімімен бекітілді. Магниттік мектеп және рессурстық орталық мұғалімдері мен оқушыларының дерекқоры құрастырылды. Сонымен қатар магниттік мектеп мұғалімдерінен шығармашылық топтар ұйымдастырылып, аталған мектептерден 10-11 сыныптар  аралығында жалпы саны 59 оқушыдан тұратын балалар білім алды.

2014-2015 оқу жылының   16-18 ақпан аралығында барлық өткізілген жұмысқа сүйене отырып, биылғы жылдың бірінші  сессиясы өткізілді. Оқушыларды тасымалдау, сессия уақыты аралығында  олардың жайлы  орналасу жағдайы  мектеп-интернатына   жүктелді. Оқушылармен физика, математика, биология, қазақстан тарихы  пәндері бойынша жұмыстар жүргізілді .Олар психологиялық тренингтерге, интелектуалды ойындарға  («Funny English– Қызықты ағылшын сабағы»), волейбол жарысына, қолөнер үйірмесіне қатысты. Оқушыларға  болашақта  дұрыс  кәсіби бағдар беру мәселесі жөнінде мектеп психологі  Айнұр Әнетқызы дөңгелек үстел өткізді. Консультациялардың арасында   флешмоб ұйымдастырылды.  Магниттік мектептерде интернет жүйесінің жылдамдығы аздығынан,  тірек мектебінің оқушылары информатика кабинетіндегі жоғары жылдамдықты интернет жүйесін және Wi-Fi желісін еркін пайдалана алды.  18 ақпан күні оқушылар қондырмалы сессияның қорытынды бақылау жұмысын жазды. Бақылау жұмысының талдауы жасалды.

Сессия кезінде арнай білім беру жұмыстарын «Баянауыл ауданы білім беру  бөлімінің Баянауыл №2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ тірек мектебінің мұғалімдері Инербай Дана Сәбитқызы, Байшина Зейнат Сүйіндікқызы, Шагирова Айнагүл Манапқызы, Жылқыбекова Ақмарал Мұратқызы сынды білікті де, білімді ұстаздар өткізді.

Тілге тиек етер мәселе, аталған сессияны өткізу үшін аудандық әкімшілік бюджетінен жылына 823427 мың теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Осы бөлінген қаржы оқушыларды тасымалдауға, тамақпен қамтамасыз етуге және ұстаздардың жалақысына үйлестіріліп отырады.

Ресурстық орталықтың оқыту сессия жұмысы өз мәресіне жетіп, оқушылар да білім нәрінен тояттап, мәре-сәре болып тарқасты. Еліміздің ертеңі жарқын, ұрпағы білімді болғай демекпіз!

 

 

Баянауыл №2 ЖОББ тірек мектебінің ресурстық орталығының директор орынбасары Ж.К.Шаймерденов

Просмотров: 628 | Добавил: Jasikkkk | Дата: 25.02.2015 | Комментарии (0)

2014-2015 оқу жылы  15-17 қазан аралығында , бірінші қондырмалы сессиясы өткізілді. Тірек мектебінің сессия жоспары және  сессия жоспары бойынша кесте  құрстырылды. Оқушыларды тасымалдау, сессия кезінде орналасу жағдайлары  мектеп-интернатында ұйымдастырылды. Оқушылармен төрт пән бойынша түзету жұмыстары жүргізілді (физика, математика, биология, қазақстан тарихы). Олар психологиялық тренингтерге, интелектуалды ойындарға  («Funny English– Қызықты ағылшын сабағы»), волейбол жарысына, қолөнер үйірмесіне қатысты. Мектеп психологы бағыт-бағдар беру  бойынша  дөңгелек үстел өткізді. Консультациялардың арасында қозғалмалы үзіліс және флешмоб ұйымдастырылды.  Магниттік мектептерде интернет жүйесінің жылдамдығы аздығынан,  тірек мектебінің оқушылары информатика кабинетіндегі жоғары жылдамдықты интернет жүйесін және Wi-Fi желісін еркін пайдалана алды.  17 қазан күні оқушылар қондырмалы сессияның қорытынды бақылау жұмысын жазды. Бақылау жұмысының талдауы жасалды.

Просмотров: 656 | Добавил: Jasikkkk | Дата: 25.12.2014 | Комментарии (0)