Баянауыл аудан әкімі Е.А.Әйткеновтың 22 қаңтардағы 2014 жылғы қаулысы негізінде «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің №2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ базасында тірек мектебі (реурстық орталық) құрылды. Осы қаулы негізінде «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Баянауыл №2 жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекет мекемесінің Жарлығына толықтырулар енгізілді. Тірек мектебін құру мақсаты: жақын орналасқан шағын - жинақ мектептердің оқушыларына сапалы білім беру, ҰБТ-ға жоғары деңгейде дайындық, оқушының жеке сұраныстарын қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығымен және үлгілік қағидаларына сәйкес тірек мектебінің /ресурс орталығы/ білім беру жүйесі ұйымдастырылады. Тірек мектебінің жұмысын жүргізу үшін барлық құқықтық-нормативтік базасы жинақталып, қарастырылған.
2014 жылдың 1 ақпанында тірек мектебі мен магниттік мектептер арасында келісім шарт құрылды. «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Баянауыл №2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ тірек мектебінің қарамағына 5 (бес) магниттік мектеп кірді. Олар: Торайғыр ЖОББМ, Шөптікөл ЖОББМ, Ақсаң ЖОББМ, Егіндібұлақ ЖОББМ, Сұлужон ЖОББМ.
Баянауыл ауданының білім бөлімімен бірге магниттік мектептерінен оқуышларды тасымылдау шығыны қарастырылды, сонымен қатар Баянауыл ауданының СЭН ас мәзірі келісілді. Сессия кезінде оқушылардың тұруы мектеп-интернатта ұйымдастырылды.
«Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Баянауыл №2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ тірек мектеп оқушыларының сұраныстары бойынша оқу- тәрбие үрдісі «оқу жоспары» мен «тірек мектебінің жоспарына» сәйкес жүзеге асырылды.