Главная » Статьи » Мои статьи

Сессия сәтті өтті...
Баянауыл ауданы әкімшілігінің 2014жылғы 22 қаңтарындағы қаулысы  негізінде   «Баянауыл ауданы білім беру  бөлімінің №2 жалпы орта білім беру мектебі»  КММ базасында  тірек  мектебі (ресурстық орталық) құрылған болатын.  Осы қаулы негізінде Баянауыл ауданы білім беру  бөлімінің №2 жалпы орта білім беру мектебінің Жарлығына толықтырулар енгізілді.  Тірек мектебін құрудың негізгі  мақсаты:  жақын орналасқан шағын - жинақ мектептердің оқушыларына сапалы білім беру, ҰБТ-ға жоғары деңгейде дайындық жасау және  оқушының жеке сұраныстарын қанағаттандыру болатын.

 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы   17 қыркүйектегі №375 бұйрығымен және өзіндік  қағидаларына  сәйкес тірек мектебінің білім беру жүйесі ұйымдастырылды. Тірек мектебінің жұмысын жүргізу үшін барлық құқықтық-нормативтік базасы жинақталып, қарастырылған.

2014 жылдың 1 ақпанында тірек мектебі мен магниттік мектептер арасында келісім шарт құрылып, «Баянауыл ауданы білім беру  бөлімінің Баянауыл №2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ тірек мектебінің қарамағына 5 магниттік мектеп кірді.  Олар: Торайғыр ЖОББМ, Шөптікөл ЖОББМ, Ақсаң ЖОББМ, Егіндібұлақ ЖОББМ, Сұлужон ЖОББМ.

2014 – 2015 оқу жылында ресурстық орталықтың жұмысы жақсы қарқынмен жалғасуда. Оқу жылының басында сессияаралық және сессиялық мерзімді ұйымдастыру жоспары және де рессурстық орталықтың жұмыс жоспары құрастырылып, Аудандық білім бөлімімен бекітілді. Магниттік мектеп және рессурстық орталық мұғалімдері мен оқушыларының дерекқоры құрастырылды. Сонымен қатар магниттік мектеп мұғалімдерінен шығармашылық топтар ұйымдастырылып, аталған мектептерден 10-11 сыныптар  аралығында жалпы саны 59 оқушыдан тұратын балалар білім алды.

2014-2015 оқу жылының   16- 25ақпан аралығында барлық өткізілген жұмысқа сүйене отырып, биылғы жылдың бірінші  сессиясы өткізілді. Оқушыларды тасымалдау, сессия уақыты аралығында  олардың жайлы  орналасу жағдайы  мектеп-интернатына   жүктелді. Оқушылармен физика, математика, биология, қазақстан тарихы  пәндері бойынша жұмыстар жүргізілді .Олар психологиялық тренингтерге, интелектуалды ойындарға  («Funny English– Қызықты ағылшын сабағы»), волейбол жарысына, қолөнер үйірмесіне қатысты. Оқушыларға  болашақта  дұрыс  кәсіби бағдар беру мәселесі жөнінде мектеп психологі  Айнұр Әнетқызы дөңгелек үстел өткізді. Консультациялардың арасында   флешмоб ұйымдастырылды.  Магниттік мектептерде интернет жүйесінің жылдамдығы аздығынан,  тірек мектебінің оқушылары информатика кабинетіндегі жоғары жылдамдықты интернет жүйесін және Wi-Fi желісін еркін пайдалана алды.  25 қазан күні оқушылар қондырмалы сессияның қорытынды бақылау жұмысын жазды. Бақылау жұмысының талдауы жасалды.

Сессия кезінде арнай білім беру жұмыстарын «Баянауыл ауданы білім беру  бөлімінің Баянауыл №2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ тірек мектебінің мұғалімдері Инербай Дана Сәбитқызы, Байшина Зейнат Сүйіндікқызы, Шагирова Айнагүл Манапқызы, Жылқыбекова Ақмарал Мұратқызы сынды білікті де, білімді ұстаздар өткізді.

Тілге тиек етер мәселе, аталған сессияны өткізу үшін аудандық әкімшілік бюджетінен жылына 2 565 000 мың теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Осы бөлінген қаржы оқушыларды тасымалдауға, тамақпен қамтамасыз етуге және ұстаздардың жалақысына үйлестіріліп отырады.

Ресурстық орталықтың оқыту сессия жұмысы өз мәресіне жетіп, оқушылар да білім нәрінен тояттап, мәре-сәре болып тарқасты. Еліміздің ертеңі жарқын, ұрпағы білімді болғай демекпіз!

 

Баянауыл №2 ЖОББ тірек мектебінің ресурстық орталығының директор орынбасары Ж.К.Шаймерденов

 

 

 

Категория: Мои статьи | Добавил: Jasikkkk (17.10.2015)
Просмотров: 517 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar