Главная » 2015 » Октябрь » 29

23 қазанда Елордамыз Астанада ҚР Білім және ғылым министірлігі, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен 1 Республикалық «Үздік ресурстық орталық» байқауы өтті. Сайысқа жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған Облыстық байқаудан оза шапқан жеңімпаз тірек мектептері  қатысты.  Байқауға еліміздің 10 облысынан, 13 мектеп бақ сынасты.

Конкурс қорытындысы бойынша Баянауыл ауданының №2 жалпы орта білім беру мектебінің  ресурстық орталығы  ІІ орынды иеленіп, Облысымыздың абройын асқақтатып қайтты.

Сайыстың негізгі мақсаты - ресурстық орталық қызметін ұйымдастырудағы озық тәжірибені айқындау, жинақтау және тарату,сондай-ақ  тірек мектебінде ұйымдастыру-басқару, ғылыми-әдістемелік пен оқу-тәрбиелік қызметіндегі жаңа педагогикалық идеяларды және инновациялық ізденістерді табу, ақпараттық технологияларды қашықтықтан оқыту тәсілдерін анықтау, шағын жинақты мектеп оқушыларының білім деңгейін көтеру, мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен кәсіби шеберлігін арттыру, әлеуметтік серіктестікті дамыту, кәсіби желілік қауымдастық құру болып табылады.

Осындай мақсатпен арнайы ережелерге құрылған Қуат Қаптайұлы Аблайханов басқарып отырған Баянауыл ауданының №2 жалпы орта білім беру мектебінің Ресурстық орталығы барлық талаптарға сай өз жұмысының нәтижесімен оқ бойы озық көрінді. Оның бірден-бір жоғарғы жетістікке жетуіне білімділігі мен біліктілігінің арқасында адал терін аянбай төккен Ресурстық орталық директорының орынбасары Жасыбай Құрманғазыұлы Шаймерденов.

Білім және ғылым министірі А.Б.Сәрінжіповтың марапаттау дипломы тірек мектебінің мұғалімдеріне қуат беріп, ерекше көңіл күймен жарқын болашаққа қарымды қадам басып, қарқынды жұмыс жасауға ықпалын тигізіп отыр.

 

Айбат Ыдырысов

«Баянауыл №2 жалпы орта білім беру мектебі» ресурстық орталық


 

Просмотров: 747 | Добавил: Jasikkkk | Дата: 29.10.2015 | Комментарии (1)